Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының мәліметі бойынша, қазіргі таңда екі жерлесіміз, атап айтқанда, Надежда Дубовицкая мен Давид Ефремов әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Чемпионат ережесі бойынша, жеңіл атлеттер байрақты бәсекеге қатысу үшін тиісті нормативті орындауы тиіс. Қазақстандық спортшылар дүниежүзілік біріншіліктің жолдамаларын Олимпия ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыста, Қазақстан кубогы мен XXXI ел чемпионатында сарапқа салады.
Айта кетерлігі, іріктеу кезеңі 2022 жылдың 7 наурызына дейін жалғасады. Ал биылғы әлем чемпионаты 18-20 наурызға жоспарланған.