Ауа райы • 02 Ақпан, 2022

Алдағы күндері -30 градус аяз болады

705 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге, 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Алдағы күндері -30 градус аяз болады

Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 5 ақпанға жақын солтүстік-батыс циклоны елдің батысына өтіп, соның әсерінен жел тұрып, жауын-шашын болады. Еліміздің басым бөлігін тұман басады. 

Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта 20-30 градусқа дейін аяз болады. Ал елдің өзге аймағында температураның елеулі өзгерістері байқалмайды.