Футбол • 02 Ақпан, 2022

Суарес Мессиді басып озды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу матчтары Оңтүстік Америка құрлығында қыза түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суарес Мессиді басып озды

Он алтыншы тур аясында Монтевидеодағы стадионда Венесуэла құрамасын қабылдаған Уругвай футболшылары қарсыластарын 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу барысында еншісіне бір гол жазған Луис Суарес сұрмергендер тізімінде аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді басып озды. Жалпы іріктеу ойындарында Лионель Месси 27 гол соққан болса, дәл қазір Луис Суарес 28 голдың авторы атанды.