Әлем • 02 Ақпан, 2022

ДДҰ Еуропа елдеріне ескерту жасады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың «Омикрон» штамын жеңіл өтеді деген себеппен Еуропаның бірнеше мемлекеті карантин шектеулерін жеңілдетіп, тіпті, түбегейлі алып тастағандар бар, деп жазады Egemen.kz.

ДДҰ Еуропа елдеріне ескерту жасады

Осыған байланысты ДДҰ ескерту жасады.

«Біз барлық мемлекетті қолда бар құралдарды пайдалана отырып, өз тұрғындарын қорғауға шақырамыз. Бұл – тек вакцина емес. Жеңіс туралы жар салу әлі кез келген мемлекетке ерте. Бұл вирус қауіпті, ол біздің көз алдымызда дамып жатыр», деді ДДҰ бас хатшысы Тедрос Аданом Гебрейесус.

Атап айтқанда, Дания осы айдың басында барлық шектеулерді алып тастады. Норвегия да осы бағытта. Онда қашықтан жұмыс істеуді және адам көп жиналатын орындарда шектеулерді алып тастап жатыр. Франция да матчтарға, концерттерге лимитті алып тастауда. Ескеретіні, мұндай жеңілдетулер тек вакцина алған азаматтарға қатысты.