Ширек финал қорытындысы бойынша келесі кезеңге Украина, Португалия, Испания және Ресей құрамалары шықты. Ширек финалдың бірінші күнінде осы біріншіліктің қазіргі чемпиондары Португалия Финляндияны 3:2 есебімен тізе бүктірсе, Қазақстан құрамасының Украинадан 3:5 есебімен ұтылып қалғаны белгілі. Ал екінші күнгі ойындарда Ресей футзалшылары Грузияны – 3:1, Испания Словакияны 5:1 есебімен жеңіп, жартылай финалда ойнау мүмкіндігіне ие болған еді.
4 ақпанға белгіленген жартылай финалда Португалия – Испания және Ресей – Украина құрамалары финал жолдамасын сарапқа салады. Финал және 3-орын үшін болатын ойындар 6 ақпанға жоспарланған.