Кәсіпқой бокс • 03 Ақпан, 2022

Головкин-«Канело» трилогиясына болжам жасалды

3122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Boxingnews24.com сайтының тілшісі Гейв Дати Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес шаршы алаңда үшінші рет кездескен жағдайда кімнің жеңіске жететінін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин-«Канело» трилогиясына болжам жасалды

Қазіргі кезге дейін екі боксшы бір рет тең түссе, бір мәрте төрешілер жеңісті «Канелоға» берді. Алайда көпшілік бірінші жекпе-жекте Головкин жеңгеніне сенімді. 2018 жылдан бері шаршы алаңға бар болғаны үш мәрте көтерілген Геннадий Головкин сәуір айында 40 жасқа толады. Ал «Канело» екеуара соңғы шайқастан соң 7 рет жұдырықтасты. Сондықтан үшінші кездесу өтсе, «Канело» ұпай санымен айқын жеңеді деуге толық негіз бар», дейді ол.