Парламент • 03 Ақпан, 2022

Ел импортқа тәуелді болмауы керек – депутат

1114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері мен оларды шешу тетіктерін сенатор Бауыржан Қаниев еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ел импортқа тәуелді болмауы керек – депутат

Депутат Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметін зерделей отырып, қазір елге сүт өнімдерінің  23%-ы, құс етінің 38%-ы, шұжық өнімдерінің 44%-ы импортталатынын сөз етті. Яғни, ел импорттық өнімдерге айтарлықтай тәуелді, бұл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін де депутат назардан тыс қалдырған жоқ.

Осыған байланысты депутат елдің импортқа тәуелділігін төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамытуды қамтамасыз ету, экспорт пен импорттың теңгерімді құрылымын сақтау, сондай-ақ азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құру орынды деп санайды.

«Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелерін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынамыз. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу және сауда үстемелерін 15%-дан 10%-ға дейін төмендетуді және елде өндірілмейтін немесе сыртқы нарықтарда аз мөлшерде өндірілетін өнімдерді сатып алу тетігін енгізуді ұсынамыз», деді депутат.