20 Наурыз, 2014

Бағалау – қашанда назарда

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Білім және дағдыларды бағалау республикалық орталығы осыдан екі жыл бұрын денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан», «Медициналық және фармацевтикалық білім берудің 2011-2015 жж. дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттiк бағдарламаларын іске асыру мақсатында құрылған еді. Ол «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның құрылымдық бөлімі болып саналады және Алматы қаласында  бөлімшесі бар. DSCN1978 edew Орталықтың мақсаты – ма­мандыққа даярлауды ба­ғалаудың және денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген қыз­меткерлердің біліктілік санатын бекітудің тәуелсіз моделін енгізу. Оған денсаулық сақтау қызметкерлерін бағалауды әдіс­темелік және әдіскерлік тұрғыда қамтамасыз етіп, заң­ды тәртіпте база құрып, стан­дартталған науқастардың жобасын ен­гізу, симуляциялық құрал-жаб­дықтарды пайдалана отырып пациенттердің қауіпсіздік мәдениетін алға ілгерілету мен клиникалық сауаттарын арттыру жатады. Ал ана және нәресте өлімі, қан айналымы ауруларынан болатын қатерді азайту жолында республикалық штабпен тығыз байланыста жұмыс атқарылуда. Сонымен бірге, бұл бағытта  өңірлік симуляция ор­талықтарымен бірлесіп қызмет көрсету басты назарға ұсталған. Мәселен, медициналық және фармацевтикалық маман­дықтар бойынша тест тапсырмалары арқауында екі сараптама өткізілді. Мұнда денсаулық сақтау қыз­меткерлерінің білімі мен дағ­дыларын бағалау қанатқақты тәртіпте мамандандырылған стан­­саларда  жүргізіледі. Соның нәтижесінде  маманның біліктілігі жоғарылап, халыққа медициналық жәрдем көрсету сапасының дең­гейі арта түседі. Тұрғындар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыратын, саламатты тір­лікке шақыратын іс-шаралар жақсы қырынан көрінді. Осындай игі жұмыстар атқарып жүрген орталық ұжымы алдағы кезде де биіктен көрінері сөзсіз. Гүлмира ЖАНГЕРЕЕВА. АСТАНА.