Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге Индустрия және жаңа технологиялар министрі Шерәлі Кабир айтты.
«Тәжікстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 38,8 млрд сомониге (3,4 млрд доллардан астам) жетті. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 23%-ға артық», деді министр.
Оның айтуынша, республикада өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 32 пайызы тау-кен өнеркәсібіне, 20 пайызы электр қуатына, 19 пайызы азық-түлікке тиесілі.