Спорт • 03 Ақпан, 2022

Ольга Рыпакова қазақстандық олимпиадашыларға қолдау білдірді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ольга Рыпакова қазақстандық олимпиадашыларға қолдау білдірді

«Қысқы спорт өкілдері үшін тартысқа, эмоцияға толы кезең басталды. Оларға сәттілік тілеймін! Өздеріңе, өз күштеріңе сеніңдер!

Сіздерге жанкүйер боламыз. Өзімнің барлық энергиям мен жақсы эмоциямды сіздерге бағыттаймын. Жарысқа үлкен сеніммен шығыңыздар, сол кезде бәрі де жақсы болады. Біз сіздерге сенеміз!», деді Рыпакова. 

Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты 4 ақпанда өтеді. Ал қазақстандық могулшылар жарысты бүгін бастайды.