
«Кәсіби мансабың барысында жеңіліс таппаған спортшы болу оңай емес. Өйткені жанкүйерлер қай кезде де сенен жарқын жеңіс күтеді. Психологиялық қысым да аз емес. Алайда мен мұның бәріне үйрендім. Салқынқандылықты сақтау, сабырлы болу, өз ісіңмен айналысу керектігін жақсы түсінемін. Жеңілістің ащы дәмін татпау үшін мен қай кезде де барымды салып еңбектене беретін боламын», деді ол UFC.com-ға берген сұхбатында.