Әлем • 04 Ақпан, 2022

Шенген келісімі талаптарын қайта қарауды ұсынды

558 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция президенті Эммануэль Макрон ЕО Ішкі істер министрлерінің бейресми кездесуінің алдында ЕО-ның сыртқы шекараларын бақылайтын Шенген аймағы кеңесін құруды ұсынды.

Шенген келісімі талаптарын қайта қарауды ұсынды

Ол «Бұл көші-қон проблемасының шиеленісуіне және Еуропаға қауіп төндіретін терроризмге байланысты қабылданған шешім» деп түсіндірді. Президент «Франция ЕО елдерінің Ішкі істер министрлері тұрақты түрде шешім қабылдауы, атап айтқанда сыртқы шекараларға қатысты тиісті қаулылар бекітуі үшін Шенген аймағының кеңесін құруды қолдайды» деп мәлімдеді.

«Шенген аймағы бүгінгіден мүлдем өзгеше уақытта құрылды. Яғни бұл аймақ Еуропалық одақ аумағында террористік іс-әрекеттің қайта басталуына дейін, Ливиядағы және 2015 жылы басталған басқа да дағдарыстардың салдарынан туындаған көші-қон ағынына дейін құрылды», дейді Франция президенті.

Францияның солтүстігіндегі Туркуэн қаласында өткен Еуропа Ішкі істер министрлерінің бейресми кездесуінен кейін Эммануэль Макрон бейсенбі және жұмада бастаманы Лилльде талқылауды ұсынды.

Эммануэль Макронның пікірінше, Шенген аймағының жаңа құрылымы арнайы тағайындалған үйлестіруші арқылы тұрақты кездесулер өткізуі керек. Олардың алғашқысы 3 наурызда өтетін көрінеді.

Бұл идеяны Ішкі істер жөніндегі еуропалық комиссар Илва Йоханссон қолдады. Ол өзі де желтоқсан айының ортасында Еуропа шекараларының қауіп­сіздігін нығайту мақсатында Шенген аймағын реформалауды ұсынған-ды.

Frontex мәліметі бойынша 39 миллион адам Шенген аймағының ақпарат­тық жүйесі арқылы тексеруден өтпей Еуропалық одаққа кірген.

Қазіргі уақытта Шенген кеңістігін басқаруға ЕО Кеңесі, ішкі істер және әділет министрлері жауап береді.