Жекпе-жек • 04 Ақпан, 2022

Шавкатты танымайтындар енді танитын болады – Дана Уайт

829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың кезекті жекпе-жегінің алдында отандасымыз туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкатты танымайтындар енді танитын болады – Дана Уайт

«Шавкат Рахмонов Карлстон Харриспен кездеседі. Қазақстандық спортшының көрсеткіші таңдай қақтырады. Он төрт жекпе-жегінің барлығын уақытынан бұрын ұтқан оның талантына бас имеу мүмкін емес. Шавкат жақында жартылай орта салмақтағы үздік спортшылар үшін үлкен мәселеге айналады. Харрис те мықты спортшы. Оны жеңу оңай емес. Қысқасы, осыған дейін Шавкатты танымай келгендер енді міндетті түрде танитын болады», деді ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жек кешінде отандасымыз Гайана спортшысы Карлстон Харриске қарсы октагонға шығады.