
«Бізде басқа нұсқа жоқ. Энтони Александр Усиктен чемпиондық белдіктерді қайтарып алғысы келеді. Мен одан жаңа бапкермен жұмысты қалай бастауға ниеттеніп отырғаны туралы сұрадым. Сол кезде ол: «Мен Александр Усикті бапкерсіз-ақ жеңемін» деді. Қысқасы Энтони Джошуа қарымта жекпе-жекте барын салатын болады. Әрине, бұл шайқас ол үшін оңайға соқпайды. Алайда жеңіске бастар жолды жаңылмай табуы тиіс», деді ол.