Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды.
«Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында туған. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бастап қызмет атқарады. Гурьев педагогикалық институтын, Алматы Жоғары тергеу мектебін, Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі академиясын бітірген. Жаңа қызметке дейін Атырау облыстық олиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.