Kremlin.ru ақпараты бойынша Си Цзиньпин Пекин мен Мәскеу арасындағы саяси және стратегиялық өзара сенім «күшейе түсуде» деген пікір білдірді.
Владимир Путин Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынас екіжақты қатынастарды дамытудың жақсы үлгісі екенін, олар бұрын-соңды болмаған сипат алып,екі ел бір-бірінің дамуына көмектесетінін атап өтті.
Ресей мен Қытай Қиыр Шығыстан газ жеткізуге жаңа келісімшарт жасасты. Шартқа сәйкес жеткізу көлемі жылына 10 млрд текше метрді құрайды.
Сондай-ақ, ресейлік мұнайшылар Қытайға көмірсутектерді жеткізу бойынша жаңа келісімдер дайындады.
Кездесу барысында құжаттарға қол қойылды.