«Осы күнге дейін қол жеткізген табысым үшін шын мәнінде қуаныштымын. Өзімнің жеңісті жорықтарыммен мақтанамын. Егер менің мансабым аяқталса, мен бақыттымын. Жанкүйерлер мені жақсы көрсе де, жек көрсе де ол ештеңені өзгертпейді. Әуелде қандай болсам, сол қалпымда қаламын», деді спортшы.
Естеріңізге сала кетейік, спортшы бұған дейін UFC-мен келісімшартын ұзартудан бас тартқан болатын. Жалғыз себеп – табысының аздығы. Әйткенмен ұйым оған жаңа келісімшарт ұсынған еді. Алайда ол әзірге келісімін берген жоқ.