Қысқы спорт • 05 Ақпан, 2022

Бейжіңде Олимпиада медальдарының алғашқы жиынтығы ойнатылады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бейжіңдегі Ақ Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, фристайл және шорт-трек бойынша алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжіңде Олимпиада медальдарының алғашқы жиынтығы ойнатылады

Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы әйелдер скиатлонда анықталады.

5 ақпанда түстен кейін конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар басталады. 3000 м қашықтықтағы әйелдер арасында Қазақстан намысын Надежда Морозова қорғайды.

Шорт-тректен жарыс Бейжің Олимпиадасында дебют жасайтын аралас эстафетадан басталады. Қазақстан құрамасының құрамында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан бар.

Конькимен жүгіруші Әділ Ғалиахметов біліктілігінде 1000 м қашықтыққа жүгіреді.

Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд могулдағы Олимпиаданың финалына екінші рет шығу үшін күресетін болады. Ол үшін үздік ондыққа кіру керек. Сол күні кешке ерлер могулында финал өтеді.

Сондай-ақ, бүгін трамплиннен секіру бойынша жарыстар басталады. Жеке біріншілікте қазақстандық «ұшқыш шаңғышылар» Сергей Ткаченко мен Данил Васильев өнер көрсетеді.

Айта кетсек, ойындардың ашылу салтанаты кеше, 4 ақпанда өтті.