Аймақтар • 05 Ақпан, 2022

Ақтөбедегі көп қабатты үйлердің бірінде өрт болды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Жалын шыққан үйден 13 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбедегі көп қабатты үйлердің бірінде өрт болды

«4 ақпанда Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Ақтөбе қаласының 11 шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына келгеннен кейін өрт 1 қабатта пайда болғаны және 15 шаршы метр алаңда сөндірілгені анықталды. ТЖМ қызметкерлері жоғарғы қабаттардан қатты түтіндеу нәтижесінде баспалдақ маршы арқылы 13 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. Сондай-ақ 60 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды. Өрт орнында 1963 жылы туған ер адамның денесі табылды», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.