Қысқы спорт • 05 Ақпан, 2022

Қазақстан Бейжіңдегі үздік нәтижесін көрсетті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында аралас командалық эстафетада жұбаныш финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Бейжіңдегі үздік нәтижесін көрсетті

Ақтық сында А финалына шыға алмаған төрт құрама қатысуы керек еді. Алайда Ресей мен АҚШ командалары ойыннан шеттетілгеннен кейін мұзға Қазақстан мен Нидерланды құрамалары ғана шықты.

Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша қатысқан Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Осылайша, Қазақстанның аралас эстафетадағы қорытынды орны - алтыншы.

Қазіргі уақытта бұл Қазақстанның 2022 жылғы Олимпиададағы ең үздік нәтижесі.

Бұған дейін Қазақстан сапынан Әділ Ғалиахметов өнер көрсеткен болатын. Спортшы 1000 метр қашықтықта біліктіліктен өте алмады.