Қысқы спорт • 05 Ақпан, 2022

Қазақстандық шорт-трекшілердің Бейжіңдегі аралас эстафетадағы орны өзгерді

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның шорт-тректен командасы Бейжің-2022 аралас эстафетасында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық шорт-трекшілердің Бейжіңдегі аралас эстафетадағы орны өзгерді

Айта кетсек, бастапқыда Қазақстан командасы 6-орыннан көрінді. Алайда, А финалында Канада командасы жарыс ережелерін бұзып, дисквалификацияға ұшырады. Бұл командалардың қорытынды орналасуына әсер етті.

Осылайша, біздің құрама қорытынды хаттамада бір сатыға көтеріліп, бесінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42