Қысқы спорт • 06 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Бүгін 7 медаль сарапқа салынады

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жеті жүлде жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: Бүгін 7 медаль сарапқа салынады

Финалдар сноуборд (слоупстайл, әйелдер), конькимен жүгіру спорты (5000 м, ерлер), шаңғы жарысы (скиатлон, 30 км, ерлер), фристайл (могул, әйелдер), шана спорты (бір орындық шана, ерлер) және шаңғымен трамплиннен секіру (кәдімгі трамплин, ерлер) сияқты түрлерде өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлердің басты үміті - 2018 жылы Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының «қола» жүлдегері Юлия Галышева.

3 ақпанда Юлия Галышева могулдан Олимпиаданың бірінші біліктілігіндегі жарыстың басталуына қатыспады, ал Анастасия Городко қашықтықта мәреге жете алмады.

Бүгін кешке қазақстандық фристайлшылар Олеся Граур, Аяулым Амренова, Юлия Галышева және Анастасия Городко могулдан өтетін жарыстардың финалдық бөлігіне шығу үшін күресетін болады.

Бірінші жарыс қазақстандық шаңғышылар Виталий Пухкало мен Евгений Величко үшін Чжанцзякаудағы Ұлттық стадионда өтеді.

Шаңғышылар Яньцинде жарыса бастайды. Бұл түрде Қазақстан командасының атлеттері қатыспайды.

Жексенбі күні қазақстандық «ұшқыш шаңғышылар» Сергей Ткаченко мен Данил Васильев трамплиннен шаңғымен секіруден Олимпиада финалына шығу үшін күреседі.

Пекиндегі 2022 жылғы Олимпиадада Қазақстан намысын 34 спортшы қорғайды.