BMW көлігінің жүргізушісі Н. Тілендиев даңғылы бойымен Баршын көшесі жағынан келе жатып, рульді басқара алмай, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан.
Соққы күшінен BMW өтіп бара жатқан KIA Rio-ға соғылып, қарсы қозғалыс жолағындағы «Ладаға» соғылды.
Апатан кейін BMW жүргізушісі жасырынуға тырысып, газды баса свлысымен Toyota-мен тағы да соқтығысты.
«Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеті адам жеткізілді, олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Куәландыру нәтижелері бойынша BMW маркалы автокөлігінің жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас күйінде болғаны анықталды», деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
Құқық бұзушының автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта анықтау жұмыстары жүргізілуде.