Қысқы спорт • 06 Ақпан, 2022

Юлия Галышева Олимпиаданың финалына шықты

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы екінші біліктілікте тоғызыншы орын алып, жарыстың финалдық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Галышева Олимпиаданың финалына шықты
Могул жарыстарының екінші біліктілігінде ең мықтылардың ондығына кіру керек болды, бұл финалдық кезеңге өтуге құқық береді.

Қазақстандық спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

Олеся Граур - 18 орын;

Аяулым Амренова - 12 орын;

Юлия Галышева - 9 орын;

Анастасия Городко - 11 орын.

Осылайша, финалға тек Галышева өтті, ал Городко сәттіліктен бір қадам артта қалды.

Айта кетсек, Анастасия – Олимпиада ойындарындағы ең жас спортшылардың бірі болып табылады, ол небәрі 16 жаста.

Ен

Бірінші финалда 20 могулшы өнер көрсетеді, екіншісінде – 12, үшінші финалда – 6, олар бір-бірімен олимпиада медальдарын ойнайды.

Бірінші финал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады. Медальдар ойналатын басты финал 18:40-қа жоспарланған.