Аймақтар • 07 Ақпан, 2022

Боран: Түркістан облысында жолда қалған 23 жолаушы құтқарылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жолда қалған 23 жолаушы жылыту бекеттеріне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боран: Түркістан облысында жолда қалған 23 жолаушы құтқарылды

Төтенше жағдайлар департаментіне «Созақ - Екпінді – Ұланбек» бағытындағы облыстық маңызы бар жолдарда жолаушылар мен техникалардың қалып қойғандығы туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы ТЖД-нің 2 техникасы мен 10 қызметкері жолда қалып қойған 53 техниканы қар құрсауынан шығарып, 23 адамды жылыту бекеттеріне жеткізді.

«Қазіргі таңда Ащысай - Кентау, Созақ – Ұланбек жолдары мен Мұздыбел асуы уақытша жабық. Барлық көліктердің жүруіне шектеу қойылып отыр. «Оңтүстік жолдар» мекемесінің 10 техникасы мен 22 қызметкері жолдарды ашу жұмыстарын жүргізіп жатыр», деді облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы И.Елеусизов.

Сондай-ақ, мамандар боранды күні алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.