Парламент • 07 Ақпан, 2022

Қаңтар оқиғасы: Депутаттар қамауда отырғандармен кездесті

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты тергеу изоляторына ҚР Парламент Мәжілісі, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, адвокаттар мен ардагерлер келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Депутаттар қамауда отырғандармен кездесті

Аталған топ қатарында Парламент мәжілісінің депутаттары А. Линник, А. Қожахметов, Б. Дүйсенбинов, Г. Бижанова, В. Набиев, Н. Раззақ, Алматы қаласы мәслихатының депутаты А. Абылкасимова, адвокаттар Ж.Сапарханова мен Н.Жазылбеков бар. Олар тергеу изоляторының режимдік корпустарында болып, күдіктілердің жай-күйімен танысты.

Тергеу изоляторына келген депутаттар мен адвокаттарға Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н. Ауғанбаев пен Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Д. Қанатбеков ЛА-155/18 мекеменің (тергеу изоляторы) қызметін ұйымдастыру және қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандарды тергеп-тексеру тәртібі жайлы ақпарат берді.

Мәжіліс депутаттары тергеу изоляторындағы тексеруден соң, қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 11 күдіктіні жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Олар ұсталғандарды жеке қабылдау кезінде мекемедегі ұстау жағдайына, оның ішінде азаптауға қатысты шағымдардың болмағанын мәлімдеді.