«Кристе менің телефон нөмірім бар. Кез келген уақытта маған қоңырау шалуына болады. Әйткенмен екеуміздің арамыздағы екінші жекпе-жекті өткізу үшін бір мәселе туындайды. Менде DAZN-мен келісімшарт бар. Ал Юбенк бізбен бірге емес. Сондықтан келісімге қалай келетінімізді әзір түсінбеймін. Алайда жолын тауып, жекпе-жек ұйымдастыруға болады. Оған күмәнім жоқ. Қысқасы, Головкинді емес, мені ізде», дейді Билли Джо Сондерс.
Екі боксшы 2014 жылдың қараша айында шаршы алаңда өзара кім мықтыны анықтаған болатын. Аталмыш жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Билли Джо Сондерс жеңіске жеткен еді.