Жекпе-жек • 07 Ақпан, 2022

Федор Емельяненко Вердумнан есе қайтарғысы келетінін айтты

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік әйгілі аралас жекпе-жек шебері Федор Емельяненко бразилиялық Фабрисио Вердумнан есе қайтарғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

Федор Емельяненко Вердумнан есе қайтарғысы келетінін айтты

«Расында да мен үшін Фабрисио Вердум, Жуниор Дос Сантос секілді спортшылармен күш сынасудың маңызы зор. Өз басым ондай шайқастарға әбден дайынмын. Әйткенмен Bellator жетекшілері қандай шешім қабылдайтынын күтемін», дейді спортшының өзі.

Соңғы рет Федор Bellator 269 турнирі аясында Тимоти Джонсонмен кездесіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Ресейлік спортшы 2010 жылы Фабрисио Вердуммен жолыққан. Аталмыш жекпе-жек қорытындысында Вердум төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.