Ол бүгінгі таңда ақпараттық кеңістікте қаңтар айында болған оқиғаны бұрмалау байқалатынын тіліне тиек етті.
«Елімізде болған митингілердің бейбіт сипаты мен құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттері жиі көрініс тауып жатыр. Мұның бәрі билік қабылдаған шешімдердің беделін түсіру, ең бастысы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қатысушылар жауапкершіліктен қасақана жалтаруы үшін жасалған қадам екені рас. Отандастарымыз мұның қоғамдық сананы манипуляциялауға бағытталған мақсатты ақпараттық жағдай екенін түсінгендері ләзім», деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол азаматтардан тек ресми, тексерілген ақпарат көздеріне сенуді өтінді. Жалған ақпарат таратуға болмайтынын атап өтті.