Ауа райы • 08 Ақпан, 2022

Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 8-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман түсіп, солтүстік пен шығыста жел күшейеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болып, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болып, облыстың батысында, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батыс және солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болып, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, Атырау облысының батысында және орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында, түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-шығыс және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.