Қоғам • 08 Ақпан, 2022

Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желіде аккаунты жоғын айтты

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған парақшаларды көруге болады. Ал бұған мемлекет қайраткерінің қатысы жоқ, деп хабарлады Egemen.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желіде аккаунты жоғын айтты

Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imangali_tasmagambetov. Жазылушылар саны мыңнан асады. Facebook-те де оның атынан парақшалар ашылған.

Иманғали Тасмағамбетов бұл аккаунттарға қатысы жоғын айтты.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын», деді  Иманғали Тасмағамбетов.