Президент • 08 Ақпан, 2022

«Мұндай әрекеттер халықтың наразылығын өршітеді»: Президент министрліктің өтірігін ашты

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің көзбояушылықпен айналысып отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мұндай әрекеттер халықтың наразылығын өршітеді»: Президент министрліктің өтірігін ашты

«Бос жатқан жерлерді тезірек қайтарып алып, оны ауыл тұрғындарына беруді тапсырған болатынмын. Қазір халық үшін айрықша маңызы бар жұмыс жүріп жатыр. Бірақ бұл жерде де Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер көзбояушылыққа жол берген. Министрлік жайылымдық жердің тапшылығы 6,8 млн гектарға немесе 32 пайызға азайды деп мәлімет беріп отыр», деді Президент.

Министрдің ақпаратынша, бұл шаруа қожалықтармен меморандумға қол қоюдың және елді мекендердің аумағын кеңейтудің арқасында мүмкін болған.

«Алайда Бас прокуратураның тексерісі көрсеткендей, бірқатар өңірде жайылымдық жердің тапшылығы әлі де азаймаған. Ақмола, Атырау және Қостанай облыстарында ауыл тұрғындарына малын фермерлердің жеріне жаюға рұқсат беріледі деген жалған меморандум жасалған. Шын мәнінде жайылым жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайды. Одан бөлек аймақтар халықтың жайылымға деген сұранысын төмендетіп көрсете бастаған. Үкімет бұған неге көз жұма қарап отыр? Мұндай әрекеттер ауыл халқының наразылығын өршітпесе, кемітпейді. Үкіметке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын», деді Мемлекет басшысы.