Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша комиссия құрылды

4157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша облыстық комиссия жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша комиссия құрылды

«Облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен 8 ақпанда Жаңаөзенде мұнай-газ саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша комиссия құрылды», делінген хабарламада.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа, жұмыссыз азаматтар да кірді.

Комиссияның негізгі мақсаты - бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі тарапқа оңтайлы шешім шығару.