Бұл күндері 2367,187 ұпайды еншілеп отырған жерлестеріміз қарт құрлықтың ең үздік командалар тізімінде төртінші орынға нық тұрақтады. Сөз жоқ, бұл – өте жақсы-ақ көрсеткіш. Осы жолы бағымыз жанбағанымен, алдағы жарыстарда біздің жігіттер шеберліктің шынайы үлгісін көрсетіп, мықтылар санатынан көрінеді деп үміттенеміз. Ал көш басына Португалия құрамасы көтерілді. Әрине, оған еш таңдануға болмайды. Атап айтсақ, былтыр әлем чемпионы атанды. Соңғы екі Еуропа чемпионатында Пиреней түбегі түлектеріне тең келер команда табылмады. Португалиялықтардың еншісінде 2693,758 ұпай бар. Екінші орында – Ресей. Олар құрлықтың соңғы бес біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көрініп, төрт рет финалда ойнады. Үшінші орынға 2488,909 ұпайға иелік еткен Испания футзалшылары жайғасты. Әлемнің екі және Еуропаның жеті дүркін чемпионы деген атағы бар даңқты команда Нидерландтағы жарыста қола медальды қанағат тұтты.
Футзалдан Нидерландта өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалдан аса алмағанына қарамастан, УЕФА рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды.
Колледждер ерекше балалар үшін педагог-ассистенттерді даярлай бастайды
Білім • Бүгін, 11:10
Шымкентте ломбардты тонамақ болған қылмыскер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:40
Су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені ұрлаған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Түркістан облысында жылына 1000 тонна банан өсіріледі
Шаруашылық • Бүгін, 10:20
Қытай банкінің бұрынғы төрағасы өлім жазасына кесілді
Әлем • Бүгін, 10:10