Спорт • 09 Ақпан, 2022

Алғашқы жүздікте – үш жерлесіміз

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Қазіргі кезде «ТОП-100» ойыншының қатарында Қазақстанның үш өкілі бар.

Алғашқы жүздікте – үш жерлесіміз

Отандастарымыздың арасында ең үздік көрсеткіш Елена Рыбакинаға тиесілі. Соңғы кездері өрелі өнерімен көзге түсіп жүрген ол бұл күндері WTA тізімінде 12-орынды иеленуде. Рыбакинаға дейін Қазақстанның бірде-бір теннисшісі дәл осындай биікке көтерілген жоқ еді. Юлия Путинцева 41-орын­ды еншілесе, Зарина Диас 117-са­тыға тұрақтады. Әйелдер арасында әлі де Аус­тра­лияның аруы Эшли Барти алдына жан салар емес. Екінші орында –  бело­руссиялық Арина Соболенко. Чехияның қос жұлдызы – Барбора Крейчикова мен Каро­лина Плишкова үшінші және төртінші орындарды өзара бөлісті. Үздік бестікті испа­ниялық Паула Бадоса түйіндеп тұр.

Монпельедегі жарыстағы жеңісінен кейін Александр Бублик төрт сатыға жоға­рылап, қазіргі кезде 31-орынды иеленуде. Бұл – қазақстандық ойыншылар арасындағы ең үздік нәтиже. Өкінішке қарай, өзге жерлестеріміздің көрсеткішіне көңіл толмайды. Еліміздің екінші ракеткасы Михаил Кукушкин небәрі 165-орында қанағат тұтуда.