Синоптиктердің мәліметінше, алдағы екі күнде еліміздің барлық өңірінде ауа райы нашарлап, антициклон, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Осыған байланысты ІІМ жүргізушілерді ауа райын ескеріп, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және ауа райы нашарлаған кезде елдімекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырды.
«Көктайғаққа, жаңа жауған қарға байланысты көліктер арасындағы қашықтықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау керек, сондай-ақ, оқыс қимылға жол бермеу керек», делінген министрлік таратқан хабарламада.