Аймақтар • 10 Ақпан, 2022

Сапар орталығы салынып жатыр

1559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жанынан ғұлама ғалым Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығы салынып жатыр.

Сапар орталығы салынып жатыр

Қорық-музейдің тарихи архитектуралық құнды ескерт­кіштерінің бірі саналатын Гауһар ананың кесенесіне зиярат ету үшін тек Қазақстан ғана емес Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан сынды көптеген елден туристер келеді.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты тарихи-мәдени орынның бірінен саналатын бұл нысан – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан-Шәуілдір тас жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан.

Жаңадан салынып жатқан сапар орталығының аумағы  1,25 гектарды қамтыса, құрылыс жүргізу алаңы – 683,68 шаршы метр, көгалдандыру шеңбері 8758,27 метр. Оның сыртында кесенесіне келушілер мен туристерге қолайлы болу үшін сапар орталығында ақпараттық жүйе, қонақүй, автотұрақ қарастырылып, нысанның аяқталу мерзімі алты айға жоспарланған көрінеді.