Президент • 10 Ақпан, 2022

Бүгін Тоқаев пен Путин Кремльде келіссөз жүргізеді

1131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-11 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Тоқаев пен Путин Кремльде келіссөз жүргізеді

Бұған дейін хабарланғандай, 10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады.

11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді.