Кәсіпқой бокс • 10 Ақпан, 2022

«Канело» биыл 100 миллион доллар табыс табады

923 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альвареске промоутер Эдди Хирн DAZN платформасында екі кездесу өткізу туралы келісімшарт ұсынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

«Канело» биыл 100 миллион доллар табыс табады

Егер мексикалық кәсіпқой боксшы аталмыш ұсынысты қабыл алса, жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі Дмитрий Биволмен жұдырықтасқаны үшін 50, Геннадий Головкинмен үшінші рет шаршы алаңға шыққаны үшін 50 миллион доллар көлемінде табыс табады. Соған қарағанда Альварес келісімшарттан бас тартпайтын секілді.