Қазақстан • 10 Ақпан, 2022

Жаңа депутаттық топ қандай міндет атқарады?

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қандай өкілеттіктерге ие болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа депутаттық топ қандай міндет атқарады?

«Жалпы парламент регламенті мен Конституциялық заң бойынша депутаттық топ тіркелгеннен кейін парламенттік тыңдаулар ұйымдастыруға, депутаттық сауалдар жолдауға, кез келген үкіметтік ұйымның басшысын шақыруға, есептер алуға, құжаттар сұратуға құқылы. Естеріңізде болса, соңғы шақырылымда депутаттық топтар болған жоқ. Ең алдымен, біз Мәжілістің, Парламенттің жұмысын барынша жандандыруға, әлеуетті дұрыс пайдалануға, ішкі реформаларды жүзеге асыруға көмектесуге тиіспіз. Көптеген бағдарламалар сынға алынды», деді Айдос Сарым баспасөз мәслихатында.

Мәжілісмен бүгінгі таңда депутаттар Қорғас кедені, кәдеге жарату алымы, Алматыдағы «Алтын орда» нарығы бойынша мәселелерді бақылауда ұстап отырғанын айтты.

«Біздің ойымызша, егер бұл сұрақтарға араласпасақ, бақыламасақ, онда олар кешіктірілуі немесе тіпті орындалмауы мүмкін. Бұл мәселелерде біз БАҚ-пен, саяси күштермен тығыз өзара іс-қимыл жасап, елдегі саяси-экономикалық және басқа да реформалар мен жаңғырту үдерістерін ілгерілету үшін жұмыс істейтін боламыз», деп түйіндеді Айдос Сарым.