Оның ішінде 32 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 70 өтінімі «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаражатынан өтелді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда комиссия 644,9 млн теңге сомасына 362 өтінімді мақұлдады. Оның ішінде 212,4 млн теңгеге 140 өтінім бюджет қаражатынан, 432,5 млн теңгеге 222 өтінім қор қаражатынан қаржыландырылмақ.
«Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтінімдер түсу жалғасуда, Info Kazakhstan сайтына Алматы қаласы кәсіпкерлерінен барлығы 2 мыңға жуық өтінім келіп түсті», деп мәлімдеді басқарма.