«Мәдениет қызметкерлерінің алдында кездесетін бірқатар мәселелер бар. Біріншісі, әрине, кітапхана жүйесі қызметкерлерінің төмен жалақысы. Еңбек өтілі мен біліміне байланысты орташа жалақы 72 мың теңгені құрайды. Тиісінше, егер жас маман жұмысқа келсе, онда ол небәрі 50 мың теңге алатын болады. Бұл үлкен сома емес. Осыдан кадр жетіспеушілігінің мәселесі де туындайды», деді Санат Шапашов қалалық мәслихаттағы Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында.
Ол бүгінгі таңда Қазақстан бойынша кітапханашыларды дайындайтын тек төрт оқу нүктесі бар екенін, онда орта білім алуға және «кітапханашы» мамандығы бойынша бір ғана жоғары білім алуға болатынын атап өтті.
«Бұл төрт оқу орны Көкшетау, Қарағанды, Шымкент, Алматы қалаларында орналасқан. Кадрлар дамымайды, өспейді, біліктілігін арттырмайды, қосымша білім алмайды. Жастар арасында мамандық танымал емес, ешкім кітапханашы болғысы келмейді», деп атап өтті мәдениет басқармасының басшысы.