Спорт • 11 Ақпан, 2022

Нева жағалауындағы жарыс

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында WTA 500 турнирінің шымылдығы түрілді. Жүлде қоры 703 580 АҚШ долларын құраған жарыста Елена Рыба­кина да шеберлік байқасуда.

Нева жағалауындағы жарыс

Еліміздің бірінші ракеткасы тұсаукесер кездесуін Варвара Грачеваға қарсы өткізді. 21 жастағы Мәскеудің тумасы былтыр Ролан Гаррос пен Аустралияның ашық біріншілігінде үшінші кезеңге дейін жеткен. Әлемдік рейтингте ол бұл күндері 81-орынды еншілеуде. Бұл бәсекеде Рыбакинаның үстемдігі анық байқалды. Небәрі 57 минутқа созылған сайы­с 6:2, 6:1 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Кеше Елена Тереза Мартинцовпен күш сынасты. WTA тізімінде 42-орында тұрған 27 жастағы Чехия ойыншысының ең үздік көрсеткіші – 2021 жылы Уимблдонның үшінші айналымында өнер көрсетуі. Алғашқы кезеңде ол ресейлік Вера Звонаревадан айласын асырған-тын.

Ал Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің алғашқы айналымында Александр Бублик ұлыбританиялық танымал теннисші Энди Маррейден 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар