Қоғам • 11 Ақпан, 2022

VIP нөмірлерге – 6 млрд теңге

1031 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы 20 мыңнан астам қазақстандық әдемі нөмірлерге ие болған.

VIP нөмірлерге – 6 млрд теңге

Былтыр қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд тең­геге жоғары сұранысқа ие немесе VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алған. Ав­токөлік иелері 2020 жыл­­­мен салыстырғанда әде­мі нөмірлерді көбірек ресім­дей бастаған, ол кезде 3,9 млрд теңгеге 12 616 нөмір алын­ған болатын.

2021 жылы VIP нөмір­лерге ең көп қаражат жұм­са­ған алматылықтар 2,2 млрд теңге сомасына 6 882 нө­мір алған. Екінші орында Шымкент автокөлік иелері – 818 млн теңге сомасына 3 190 нөмір, ал үштіктің со­ңында Нұр-Сұлтан – 667 млн теңгеге 2 231 нөмір.

VIP нөмірлерге сұраныс Солтүстік Қазақстан облысында аз. Өткен жылы онда 45 млн теңгеге барлығы 169 ерекше нөмір тізбегі сатып алынған.

Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP нөмірлердің бағасы 174 591 теңгеден басталады, ең қымбаты үшін 872 955 теңге сұралады.

Нөмір иесі ерекше нө­мірлер тізбегін үшінші та­рапқа сыйға бере де, сата да алмайды. Егер көлік сатылса, нөмір иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін мамандандырылған ХҚО-да 6 ай сақтай алады.