Спорт • 11 Ақпан, 2022

Кадеттер үздік нәтиже көрсетті

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таэквондодан Қазақстанның кадеттер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен WT Fujairah Open 2022 халықаралық турнирінде үздік нәтиже көрсетті.

Кадеттер үздік нәтиже көрсетті

Жас жер­лес­теріміз 12 мен 14 жас аралығындағы 300-ден астам қатысушының арасынан үздік атанды. Атап айтқанда, Нұрперзент Самат­ұлы (33 кг), Темір­жан Тасқын (41 кг), Алмаз Аман­гел­диев (45 кг), Достан Нәжімханов (49 кг), Ярина Пу­ган­цова (29 кг), Ақерке Бәйменова (41 кг), Нұрайым Жұма­бек (44 кг) және Айнұр Қаржаубаева (51 кг) алтыннан алқа тақты.

Ал Әмір Абақов (33 кг, суретте), Мирислом Мирза­ка­ри­мов (33 кг), Арман Сағидолла (41 кг), Мар­ғұлан Исмаил (45 кг), Артур Пак (61 кг), Нұрай Амангелді (37 кг), Адема Бай­зақова (47 кг), Тоғ­жан Қазнабек (55 кг) пен Эмилия Осепьян (59 кг) турнирдің күміс жүлдегерлері атанды.

Халықаралық турнирдің қола жүлдесіне Жасұлан Жандос (45 кг), Әдия Идашова (41 кг) мен Алина Исаева (51 кг) қол жеткізді. Еске сала ке­тейік, бұған дейін Fujairah Open 2022 турнирінде еліміздің ересектер командасы 7 медаль жеңіп алған болатын. Қазақстандық жасөспірімдер де жақсы нәтиже көрсетті. Олардың еншісінде 15 жүлде бар.