Әлем • 11 Ақпан, 2022

Ханзада Чарльз тағы да ковид жұқтырды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британ патшайымы Елизавета II-нің үлкен ұлы, 73 жастағы ханзада Чарльз COVID-19-бен ауырып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ханзада Чарльз тағы да ковид жұқтырды

Бұл туралы оның баспасөз қызметі Twitter-де мәлімдеді. 

«Бүгін таңертең Уэльс ханзададан COVID-19 анықталды. Қазір ол өзін-өзі оқшаулауда», деп жазылған хабарламада. 

Sky News хабарлауынша, патшайым Елизавета II-нің ұлы коронавируспен екінші рет ауырған.