Аймақтар • 11 Ақпан, 2022

Алматыда үш автобус бір-біріне соғылды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда үш бірдей қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Қалалық полиция департаменті жаппай жол апатынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда үш автобус бір-біріне соғылды

Апат болған жерде түсірілген бейнебаян Instagram парақшаларының бірінде жарияланды.

«Қашан да автобус жүргізушілері жол үстінде телефонмен сөйлеседі, немесе темекі шегеді, бір-біріне жол бермей, осындай апатқа ұшырайды», деп ашуланды желі қолданушылары.

Қалалық полиция департаментінде түсіндіргендей, жол апаты 11 ақпанда сағат 10:30 шамасында болған.

«К. есімді азамат Yutong Bus маркалы автобусты басқарып, Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Қашықтықты сақтамағандықтан, ол Х. есімді азамат басқарған SAZ маркалы автобуспен соқтығысуға жол берді», деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Бұл фактіні Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеуде», деп қосты Олжас Шәріпов.