Қазақстан • 11 Ақпан, 2022

ҚР Мемлекеттік хатшысы Германия СІМ уәкілімен кездесті

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Германияның Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдері бойынша СІМ уәкілі Маттиас Лютенбергпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Германия СІМ уәкілімен кездесті

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы мен ГФР СІМ уәкілі Қазақстан-Германия ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Германияны Еуропа мен Еуропалық одақтағы маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын және көпжоспарлы кооперацияны одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Ерлан Қарин, сондай-ақ, Мемлекет басшысының жаңа экономикалық бағытын саяси жаңғырту және іске асыру жоспарлары туралы хабардар етті.

Маттиас Лютенберг кездесу мүмкіндігі үшін Мемлекеттік хатшыға алғыс айтып, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды арттырудың зор әлеуетін атап өтті.