Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Қазақстандық шорт-трекшілер ширек финалға шықты

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада қазақстандық шорт-трекшілер 500 метр қашықтықта ширек финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: Қазақстандық шорт-трекшілер ширек финалға шықты

Аталған қашықтықта бір емес, үш бірдей шорт-трекшіміз бақ сынады. Жерлестеріміз арасынан мұз айдынға бірінші болып шыққан Әділ Ғалиахметов 500 метрді 40,74 секундта жүгіріп өтсе, Денис Никиша 40,482 секундта бағындырып ширек финалға жолдама алды.

Ал Абзал Әжіғалиев аталған қашықтықты 40.87 секундта бағындырды. Нәтижесінде үшеуі де ширек финалда сынға түсуге мүмкіндік алды.

Ғалиахметов өз тобында екінші орынға табан тіресе, Никиша мен Әжіғалиев бірінші орыннан көрінді. Осылайша, қазақстандық спортшылар автоматты түрде келесі кезеңге өтті.

Айта кетелік, ширек финал, жартылай финал және финал кезеңдері 13 ақпанға жоспарланған.