Тағайындау • 12 Ақпан, 2022

Болат Кальянбеков жаңа қызметке тағайындалды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Болат Кальянбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болат Кальянбеков жаңа қызметке тағайындалды

Болат Кальянбеков бұған дейін «Nur Media» холдингінің бас директоры қызметін атқарған. 2019 жылы «Алматы» телеарнасының директоры болған. Сондай-ақ, 2014 жылы Жоғарғы соттың баспасөз қызметін басқарған еді.

Жалпы Болат Кальянбеков әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде маман, бөлім, басқарма басшысы, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің инспекторы және сектор меңгерушісі болған.